» » Бүгінгі жұлдыз жорамал: 31 наурыз күні сізді не күтіп тұр?

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 31 наурыз күні сізді не күтіп тұр?

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайыңызға көңіліңіз толмайтын болады. Жағдайға қанағаттанбау және шиеленістің күшеюі сізді батыл әрекет етуге мәжбүр етеді.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін зергерлік бұйымдар тақпаңыз: оларды кездейсоқ жоғалту қаупі жоғары. Бүгін сіз бүкіл отбасы мүшелеріне сай келетін жаңа хоббимен айналысу туралы идеяны бөлісесіз. Бірақ өзіңіз жасамайтын дүниені талап етуден сақтаныңыз.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз болашақта серіктес, дос немесе ғашық болатын жаңа адамдарды кездестіресіз. Серіктесіңізге берген уәдеңізді орындайтын кез келді. Әйтпесе, қарым-қатынаста келіспеушілік орын алады.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізден мін іздеуге тырыспаңыз: кемшіліксіз жан болмайды, өз кемшін тұстарыңызды қабылдап, оны артықшылыққа айналдыра біліңіз. Серіктесіңіздің ашық әңгімесі сізге кері әсерін тигізуі мүмкін болса, онда оның сырын тыңдамай-ақ қойыңыз. Түрлі даулардан сақ болыңыз.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңызға сіздің сыныңыздан гөрі қолдауыңыз қажет болар. Хабарласып, жылы сөз айтып көріңіз. Ақша табудың оңай жолдарын іздемеңіз, бүгін алаяқтарға тап болу қаупі бар.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс. Жағымды таныстық орын алуы мүмкін. Олардың кейбіреулері сезімге ұласады. Өзгелерге ұнау үшін көп күш салмаңыз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Үй шаруасымен айналысуды жоспарлаған болсаңыз, бұл жоспарды ертеңге қалдырып, жағымды дүниелермен айналысқаныңыз абзал  Жұмыс күнінен кейін спортпен шұғылданыңыз, су процедураларын қабылдаңыз, декорацияны өзгертіңіз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктісін іздеп жүрген зодиак белгілерін кездейсоқ таныстықтар күтіп тұр. Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз. Достарыңызға көмектесіңіз, жақсылық қайтып келеді. Олардың біреуі сырын ақтарғысы келсе, мұқият тыңдап, қолдау көрсетіңіз.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге жаңа маусымдық зат сатып алудың тамаша күні. Өмірлік серігін іздеп жүрген жалғызбастылар болашақ серігінің физикалық және эмоционалды ерекшеліктеріне назар аударуы қажет. Сырт келбетіне ғана емес, мінезіне де назар аударыңыз. Бәлкім ол сізді жібектей жұмсақ мінезімен баурап алатын шығар.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдарыңызды сізге көмектесуге мәжбүрлемеңіз. Олар көмектесуден бас тартса, ренжімеңіз. Отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас сыйластыққа негізделеді. Жақындарыңыз барлық идеяңызды қолдайды, көптеген істі бірге атқарасыздар.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Үй шаруашылығында жақын адамдарыңыздан көмек сұраудан тартынбаңыз. Бүгін жұмысыңызды екі рет тексеріңіз: тиісті назар аудармағандықтан, қателесу қаупі бар.
Дереккөз: Нұр.кз
31 наурыз 2023 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 247

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930