» » Жол үстіндегі жақсылық

Жол үстіндегі жақсылық

Жұмыс аптасын аяқтап болған соң алдағы демалыстарға орай қалаға жолға шыққан болатынбыз. Әдетте жол бермейтін жүйткіген жүк көліктері жоқ. Олардың барлығы дерлік жол бойындағы кешен сыртында қаз-қаз тізіліп тұр. Үйіліп тұрған көліктерді көріп көңілің мұздап кетеді екен. Діттеген жері, көлікке тиелген заты, отбасында асыға күтетін бала-шағалары бар дегендей. Әрине, себепсіз емес қой. Бастысы – амандығымыз. Қалғаны қалыпқа келер...

Ақтөбе облысының аумағында қатты боран болуына байланысты бірнеше күннен бері республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240- 1357 шақырымы аралығы жабылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктердің қозғалысына шектеу қойылып, жолаушылар жол үстінде қалып қойды.

Қазағымыздың ықылымнан бергі қонақжайлығы, жомарттығы жайлы жиі айтамыз. Десе де осындай қолайсыз жағдай орын алғанда қолдау іздеп кететініміз жасырын емес. Кешегі Алматыда болған жер сілкінісі кезіндегі бейтаныс адамдарды үйіне паналатып, бір-біріне қолдау көрсетуі бірлігіміздің барын байқатады.

Жолда қалған жолаушыларға жедел көмек көрсетуде аудан азаматтары да жомарттығын танытуда. Жанашырлыққа жан риза деген осы емес пе?

Жолаушылар ауданға қарасты күрежолдың бойында орналасқан кешендерге тоқтады. Бірнеше күннен бері оларға әртүрлі көмек көрсетілуде. Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі мен жол полициясы қызметкерлері жағдайды толық бақылауда ұстауда.

Бүрсігүні аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «ОАЗИС» кешенінде 500-ден аса жолаушыға кешкі тамақ пен сусын берілді. Сонымен қатар кешен әкімшілігі жолаушылардың жүк көлігін тегін тұрақтатуға мүмкіндік беруде.

Аудандағы ерікті жандар да жолаушыларға қолғабыс етіп, көмек қолын созып, жәрдем етуде. Полиция қызметкерлері тәртіптік жағдайды бақылауға алса, медицина қызметкерлері дер кезінде жолаушыларға тиісті дәрігерлік көмек көрсетті.

Барлық кешендерде азық-түлік, дәрідәрмек және ауызсу толығымен жеткілікті. Жолаушылар қол ұшын созған азаматтарға арнайы алғысын білдіруде.

«Күннің жаманы өтер» дейді емес пе?! Күннің салқыны басылар. Көңілді мұздатып, салқындатып алмасақ болғаны. Сырттан келген суыққа шыдармыз. Бастысы, көңілдегі жылылықтан айырылып қалмайықшы.

 Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
13 ақпан 2024 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 195

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 310

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930