» » Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң шымыр боласың

Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында көңілді эстафеталық спорттық сайыс өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен және жас мамандардың қатысуымен 7-9 сынып оқушылары арасында эстафеталық сайыс «ДОСБОЛ LIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» республикалық акциясы шеңберінде өткізіліп отыр.
Ынтымақтастық және достықты, салауатты өмір салтын, спортты насихаттау мақсатында өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар спорттық эстафеталық жарыста топтық ойын, доппен жүгіру, күштілер жарысы, кім жылдам, секіртпе кезеңдері бойынша сынға түсті. Белсенділікпен қатысып жүлделі 1-орынды «Жастар» командасы, 2-орынмен «Айдын» командасы, 3-орынмен Эверест командасы марапатталды.
Іс-шараның соңында №105 мектеп-лицейі директоры Г.Еркебаева қорытындылап, ұстазбен шәкірт арасында ынтымақтастықты нығайту, балалар арасында достықты насихаттаудың маңызы зор екенін жеткізіп, барлық қатысушыларға әрқашанда белсенді болуға шақырды.
12 ақпан 2024 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930