» » Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде жоғары сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараны 9 «Б» сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдызай жүргізді.
Іс-шараның мақсаты ата-аналардың бала тәрбиесінде шығармашылық ынтымақтастығын арттыру болып табылады.
Сонымен қатар республикалық «ДОСБОЛ LIKE: достық қолын ұсын» акциясы шеңберінде «Шығармашылық ынтымақтастық» бағыты бойынша өткізіліп отыр.
Іс-шара барысында бірнеше кезеңнен тұратын сайыста ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мән-мағынасы зор дәстүрлер дәріптелді.
Атап айтқан балалар аналарымен бірге ұршық иіріп, ұлттық қолөнер бұйымдарынан заттар жасап, ұлттық дәстүрлер жайлы арнайы қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені 9 «Б» сынып атынан қатысқан Дәнекеровтер отбасы, 1-орын 8 «Ә» сыныбынан Төлепбергеновтер отбасы, 2-орынды 11 «Б» сыныбынан қатысқан Тетебаевтар отбасы, 3-орынды 9 «А» сыныбынан Әділовтер отбасы иеленді.
Іс-шара соңында №105 мектеп-лицей директоры Еркебаева Гүлзира Мұратбекқызы қорытындылап белсенді қатысқан аналар мен балалар марапатталды.

12 ақпан 2024 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 131
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031