» » Педагогикалық кеңес пен әдеп кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Педагогикалық кеңес пен әдеп кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

️Қармақшы ауданы №105 мектеп-лицейінде кезектен тыс педагогикалық кеңес пен әдеп кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1) 3 жылғы білім сапасына талдау жасау;
2) Білім беру процесіндегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға жұмыстар жоспарлау;
3) Республикалық пәндік олимпиадалар бойынша және "Дарын, Зерде" ғылыми жоба жұмыстарының нәтижесіне талдау жүргізу;
4) Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы;
5) Педагогтердің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау ережелері.
Педагогикалық кеңес барысында №105 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байдрахманов Ерсін күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тиісті шараларды атқаруға тапсырмалар берді.
Білім сапасы бойынша үш жыл көлемінде жүргізілген білім сапасы, олқылықтың орнын толықтыру, пәндік олимпиада нәтижесі мен ҰБТ мәселелері бойынша хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша педагогтердің оң имиджін қалыптастыру, көпшілік ортадағы әдеп нормаларын және мектептегі педагогикалық әдепті сақтау мәселелері жөнінде сөз алған әдеп кеңесінің төрайымы, ұстаз Өтегенова Анар педагог білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір - қасиетін құрметтеуге үйретеді, - дей келе, педагогикалық әдеп қағидалары жайында тоқталып өтті.
Педагогтардың оғаш қылықтардан аулақ болуын, имандылық әдебін үнемі сақтап жүру керектігін ерекше атап өтіп, ұстаздарға қандай кезде де, қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстанғаны жөн,- деп қорытындылады.
Мұнан соң сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қозыбақов Айбол баяндама жасап, педагог ата-аналармен, балалармен, әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этикалық нормалары мен ережелерін сақтауға міндетті мектеп өміріндегі басты тұлға екендігін айтып, педагог мамандығы сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан - дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көріну керек екенін атап өтті.
Кеңейтілген отырысты мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Байдрахманов пікірін білдіріп қорытындыланды.
05 ақпан 2024 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930