» » Қазақстан азаматтығын алу ережесі өзгереді

Қазақстан азаматтығын алу ережесі өзгереді


Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерден құжат тапсыру кезінде жаңа анықтама талап етіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау" туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдануға" деген бұйрықтың 5-тарауы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылды: өтінішке (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама".

Қазақстан азаматтығына оңайлатылған тәртіппен қабылдауға да өзгерістер енгізілді. Осылайша, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден  бас тарту үшін негіздері болса (бір мезгілде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдануға құжаттар тапсырған кезде) бас тартылады. Бұл қандай негіздер екені құжатта көрсетілмеген. Бұрынғы ережеде мұндай тармақ болмаған.

Ішкі істер министрінің бұйрығы 23 қаңтарға дейін талқыланады.

14 қаңтар 2024 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 984
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031