» » Балабақшадағы басқосу

Балабақшадағы басқосу

«Толғанай» бөбекжай-бақшасында «Балапан», «Балақай» кіші топтар арасында «Қызыққа толы күніміз» ашық есік күні өтті. Топ тәрбиешілері Әзиза Сәтмаханова, Айгерим Жамиева ата-аналарға бір апта бойы балабақшаның тыныс-тіршілігімен таныстырып, балаларының күнделікті іс-әрекетін көрсетті. 

Іс-шара барысында ата-аналарға алдын ала шақыру билеттері таратылып, олардың толық қатысуы қамтамасыз етілді.
Ата-аналар балабақшаның санитарлық жағдайымен танысып, топ бөлмелерінің безендірілуін, дамытушы орталықтар  мен жатын бөлмедегі сауықтыру шарасына арналған құрал-жабдықтарын көріп, балабақша ішіне экскурсия жасады.

Бұл балабақша қызметкерлері мен ата-аналар арасында ерекше басқосу болды. Келген ата-аналар балабақшада балалардың күні бойғы жұмыстарын қызыға тамашалады. Таңғы жаттығудан бастап ойын әрекеттері, сауықтыру, тамақ ішу, серуен, мәдени гигиеналық шаралардың куәсі болды. Осылайша ата-аналар балабақшаның жұмысына, балалармен өткізілген әрбір шараға жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді.

Осы балабақшаға Даниял, Дарын есімді екі немерем келеді. Апайлары ылғи суреттерін жіберіп отырады. Бірақ осы ашық есік күні қарсаңында балабақшаға арнайы келіп оның жай-күйімен танысып жатырмыз. Балалардың күнделікті ас мәзірі мен аспазшылардың жұмысын да көрдік.  Ондағы қолөнер бұйымдары көздің жауын алады, – дейді Ақайна Сарыбаева.


Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
09 қаңтар 2024 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728