ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАН
Шараның ашылу салтанатында ауыл әкімі Бүкіт Қалдашбаев пен жауынгер- интернационалист Р. Доспановтың қарулас досы, «Байқоңыр аймақтық ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Мархабай Сандыбаев, «Қармақшы аудандық Ауғаныстан және аймақтық соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігі мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Асқар Ерманов пен Бекмахан Есмаханбетов, досы Мейрамбек Ерболатовтар сөз сөйлеп, естеліктер айтты.
Шара барысында жас марафоншылар бақ сынасса, ауыл клуб үйі сахнасында жас әншілер өздерінің нақышына келтіре орындаған патриоттық әндерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен игі шараны ұйымдастырушылар мен демеушілер өздерінің үздік өнерімен құрметке бөленген марафон жарысының жүлдегерлері Нұрсұлтан Абдуллаевқа, Дидар Оспановқа, Алмас Ертаевқа, патриоттық әндер байқауының Гран при иегері Дәулет Серікбаевқа, жүлдегерлері Бауыржан Көпжасаровқа, Ақерке Бекбергенова мен Жансая Жаңайдароваға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырса, интернационалыст-жауынгер Рақымжан Доспанов атындағы іс-шараның өтуіне мұрындық болған оның досы Мейрамбек Ерболатовты қазақ халқының мақтанышы Бауыржан Момышұлы атындағы «Шапағат» медалімен марапаттады.
Іс-шара соңында оған қатысушылар Р. Доспановтың зиратына тағзым етіп, дұға бағыштады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.