» » Газбен жүретін көліктердің иелеріне ескерту жасалып жатыр

Газбен жүретін көліктердің иелеріне ескерту жасалып жатыр

Қазақстанда полиция газбен жүретін көліктердің иелеріне ескерту жасап жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Биыл 1 қаңтардан бастап СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді.
Енді газ баллонымен жабдықталған автомобильдердің жүргізушілері GAS деген жазуы бар белгіні көлігіне жапсыруға міндетті. Бұл шара қауіпсіздік үшін енгізілді.

1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары” ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді

Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер "GAS" деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс.

Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді.


Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осылайша тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты.t.me/POLICE_of_KZ/11261



Жабық паркингке мұндай көліктерді қоюға болмайды.
Түркістан облысының полициясы жүргізушілерді тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша, олар облыс орталығында көліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар көлік иелеріне арнайы белгіні орнату маңызды екенін айтты.
Талапқа бағынбағандарға 11 мың теңге айыппұл салынады.
Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылып жатқаны хабарланған еді.

05 қаңтар 2024 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031