» » Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды

Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды

   Қаңтардың бірінен бастап Қазақстанда газбен жүретін көліктерді тұрғын үй паркингіне қоюға тыйым салатын ереже күшіне енді. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ережені түсіндірді, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары
    "Соңғы үш жылда газбен жұмыс істейтін көліктердің өртенуі жиілеп кетті. Статистикаға сәйкес, жыл сайын елде көлікте 2,5 мың рет өрт болды. Соңғы үш жылда газ орнатылған көліктерде мұндай 374 оқиға тіркелді. Адам шығыны болды. Өрт жыл сайын жиілеп бара жатқанын көріп отырмыз", - деді Беккер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

    2016-2018 жылдар аралығында газ көліктеріндегі өрт 64-тен 100-ге дейін артқан. Сондай-ақ, тұрғындар паркингте газдың иісі шығады деп шағымданып отыр.
   "Біз бірнеше рет паркингтерге барып, газ шықса, өрт немесе жарылыс қаупі бар екенін анықтадық. Газ өте қауіпті, әсіресе, төменгі қабаттағы газ жарылысы ғимараттың толықтай бұзылуына алып келеді", - деді төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.

    Мамандардың айтуынша, елдегі құрылыс нормасына сәйкес, мұндай көліктердің тұрғын үйдегі паркингке қойылуына рұқсат етілмейді.

    "Осыған байланысты біз өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгеріс енгізу жобасын әзірледік. Құжат кәсіпкерлердің ұлттық палатасына жолданды", - деді Беккер.

    Комитет өрт қауіпсіздігі ережелеріне барлығы 148 толықтыру мен өзгерту енгізген.

    Қандай жаза қарастырылған: Әкімшілік кодекстің 410-бабына сәйкес (Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау) 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі немесе 12 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған.
15 ақпан 2020 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 389
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930