2023-те кімдер мәңгілік сапарға аттанды
Саясаттың сахнасында, өнер әлемінде, әдебиетте өшпес із қалдырған тұлғаларымыз туралы еске алуды жөн көрдік,деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер.
Өмірге екі келмейтіндер, деп Қуандық Рахым шырқағандай қоян жылы тарихта аттары алтын әріппен жазылардай із қалдырған біршама азаматтарымыздан айырылдық.
Қаңтарда дарынды композитордан айырылдық
24 қаңтар күні белгілі композитор Арман Дүйсенов 48- жасында өмірден өтті. Ол 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Сазгер туындыларын еліміздегі көптеген әншілер орындап жүр.
Сазге тек классикалық музыка ғана емес, поп, джаз және рок жанрларында композициялар орындайтын "Достар" тобын басқарды. Өмірінің соңғы жылдарында "Гүлдер"ансамблінің бөлімін басқарды. Музыкант ұжымға музыка мен сценарийлер жазды, режиссерлік етті.
Музыкант Дархан Жүнісбеков өмірден өтті
Жастар арасында танымал музыкан Darkhan Juzz атымен танымал Дархан Жүнісбеков ақпанда дүниеден өтті. 1991 жылы дүниеге келген әртіс қазақстандық рэп-орындаушы, ән авторы және саунд-продюсер ретінде танымал. Дарханның шығармашылығы классикалық трапты, акустикалық гитараны және сезімтал лириканы біріктіреді.
Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері өмірінің 71-ші жазында дүниеден өтті. Ол өмірінің 40 жылын мемлекетке қызмет етумен өткізген. Осыған дейін 5 облыста облыс әкімі қызметін атқарып, екі рет Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды және екі рет Қазақстанның вице-премьері қызметін атқарды. Тек шындықты айтатын, халықпен бірге күрмеуі шешілмеген мәселелерді, дағдарысты тез шешетін қасиеттерімен есте қалды. Халық та осы қасиеттері үшін оны құрметтейтін.
Тағы бір жұлдыз сөнді
Қараша айында танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Ол 195 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Өзінің дара жолын «Дос-Мұқасан» ансамбльінен бастаған әнші «Арқан», «Сазген», «Адырна», «Гүлдер» ансамбльдерініңде ән шырқаған. Еңбек сіңірген әртіс, ерен еңбегі үшін медалі, құрмет орденімен марапатталған.
Сатира саңлағы өмірден өтті
Танымал актер, сатирик, режиссер, сценарист Асқар Наймантаевтың дүниеден өткені туралы желтоқсан айында хабар келді. Мектеп қабырғасынан-ақ режиссерлікті қолған алған актер, өімірінің соңғы күндерінде дертке шалдыққанын әлеуметтік желіге жүктеген еді.
Асқар Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Ағамыз «Тамаша» ойын-сауық театры арқылы көпшілікке танымал болып, кейін «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» сынды комедиялық театрларын ашқан. Актер "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесін жеңіп алған.
Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды
Қазанда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 73 жасында өмірден өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 1950 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Атамекеніне 12 жасында оралып, Семей облысында білім алады
Несіпбек Айтұлы 1997 жылдан 2001 жылға дейін "Қазақ әдебиеті" газетінде сын бөлімінің, "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет атқарды. Соңғы жылдары "Алтын тамыр" журналының бас редакторы болды.
Болат Назарбаев дерттен дүние салды
Тұңғыш президент інісі Болат Назарбаев ауыр дерттен 13 қарашада дүниеден өтті. Ол 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ауылдағы техникумды «механик» мамандығы бойынша бітіріп кейін Қарағандыдағы заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оған пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Өмірінің соңғы күндеріндегі көптеген аурулар оны төсекке жатқызды.
baq.kz