» » Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары: Қармақшылықтар жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады

Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары: Қармақшылықтар жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады


Аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы ауданға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңір басшысы 51 отбасына баспана кілтін табыстап, барша қармақшылықтарды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтады.

Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында табыс етілген үйлер әлеуметтік статусқа ие, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларына берілді.

"Халықты баспанамен қамтуды мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі деп танысақ, өңірімізде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жыл сайын артуда. Қазіргі таңда аймақ бойынша 4170 пәтерлік 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, биыл 2500-ге жуық пәтер жаңа қоңыс иелеріне табысталып, нәтижесінде 11 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды. Бүгін Қармақшыда 51 отбасы жаңа үйге қоныстанды. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі", – деді Нұрлыбек Машбекұлы құттықтау сөзінде.

Әлеуметтік шара барысында Нұрлыбек Машбекұлы аталмыш үйлердің құрылысын жүргізген мердігер мекеме өкілдеріне және ауданның бірқатар азаматтарына марапат тапсырды.

Жаңа жыл қарсаңындағы қармақшылықтардың бұл қуанышы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың бір парасы ғана. Еске сала кетейік, аталған ұлттық жоба аясында келесі жылы 100 тұрғын үй салынады деп күтілуде. Бұл дегеніңіз, ұлттық жобаның игілігін көретін тұрғындар саны жыл өткен сайын артатын білдіреді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 желтоқсан 2023 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930