» » «Келешек» жинақтау жүйесі – бала болашағы үшін маңызды

«Келешек» жинақтау жүйесі – бала болашағы үшін маңызды


Мемлекет басшысының Жолдауында келер жылдан бастап «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін іске асыру туралы айтылған болатын. Бұл жүйе 5 жастан асқан әрбір балаға тиесілі жеке шот болып есептеледі. Тиісінше, бала кәмелеттік жасына толғанда шотына жиналған қаржыны оқуға, баспаналы болуына немесе басқа да жағдай үшін жұмсай алады. Бұл туралы «Ашық» университетінің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов хабарлады.

-Бүгінде елімізде бала туу көрсеткіші едәуір артып келеді. Соған сәйкес болашақта білім беру жүйесіне түсетін жүктеменің де ұлғаятыны белгілі. Қазіргі таңда мемлекет тапсырысы негізінде мектеп бітіруші түлектердің 40 пайыздан астамын грантпен қамтуға мүмкіндік бар. Дегенмен, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 15 пайызға дейін қысқарады деп болжануда. Осыған байланысты Ел Президентінің Жолдауын жүзеге асыру аясында азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі қарастырылады. Дәлірек айтқанда, келер жылдан бастап «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі әзірленбек. Аталмыш жүйе шеңберінде балаға арнайы шот ашылып, оған мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы капитал салады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналары, 5-7 пайыз мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. Осылайша, айына ең төменгі мөлшердегі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында кем дегенде 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналмақ, - деді Абайбек Талғатұлы.

Айта кетейік, «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары да қамтылады. Әсіресе бұл өзгерістер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты болмақ. Сондай-ақ, жүйеде ақшаның құнсыздануынан қорғау да қарастырылған.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 желтоқсан 2023 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 411

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 488

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930