» » 1 қаңтар 2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшеріндегі өзгерістер жайлы

1 қаңтар 2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшеріндегі өзгерістер жайлы

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы жобасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге, ең төменгі зейнетақы 57853 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28215 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 43407 теңге мөлшерінде белгіленді.
Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 9%-ға артады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (203 060 теңге) құрайды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға да қатысты.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады, ал No1, No2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топ – 95496 теңге, II топ – 76397 теңге, III топ – 52089 теңге. 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 69886 теңге, 7 жастан бастап балалардың мүгедектік топтары белгіленген кезде бірінші топтағы мүгедек балаларға – 95496 теңге, екінші топтағы мүгедек балаларға – 79435 теңге, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 69886 теңге болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I топ – 139771 теңге, II топ – 119370 теңге, III топ – 100271 теңге. Мүгедек баланың күтіміне – 69886 теңге төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 39935 теңге, екі балаға – 73792 теңге, үш балаға – 97666 теңге, төрт балаға – 112859 теңге, бес балаға – 119370 теңге, алты және одан жоғары балаға – 130221 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 66847 теңге, екі балаға – 133694 теңге, үш балаға – 200541 теңге, төрт балаға – 267388 теңге, бес балаға – 334234 теңге, алты балаға – 401081 теңге, жеті балаға – 467928 теңге, сегіз және одан жоғары балаға – 534775 теңге.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін – 140296 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 232596 теңге. Бір жарым жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 21266 теңге, екінші балаға – 25143 теңге, үшінші балаға – 28983 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға – 32859 теңге.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға – 59183 теңге, 5 баласы бар отбасыларға – 73988 теңге, 6 баласы бар отбасыларға – 88793 теңге, 7 баласы бар отбасыларға – 103598 теңге, 8 баласы бар отбасыларға – 118144 теңге, 9 баласы бар отбасыларға – 132912 теңге, 10 баласы бар отбасыларға – 147680 теңге, 11 баласы бар отбасыларға – 162448 теңге, 12 баласы бар отбасыларға – 177216 теңге.
«Алтын алқа» алқасы мен «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – 27321 теңге, «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналардың мемлекеттік жәрдемақысы – 23629 теңгеге артты.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы No925 қаулысына сәйкес 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап 7% артады.
З.ШАЙМЕРДЕНОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру
жөніндегі бойынша Қармақшы аудандық бөлім басшысы
17 желтоқсан 2023 ж. 1 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 411

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 488

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930