Тағайындау

Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы болып Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы тағайындалды.
Г.Сыздықова 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылорда мемлекеттік медициналық училищесінде “Емдеу ісі,фельдшер” мамандығы бойынша білім алса, 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтында “Медико-профилактикалық іс” мамандығы бойынша оқыған. 2016 жылы “Тұран” университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда темір жол СЭС-нде паразитология бөлімінің дезинструкторы болып бастаған. Әрі қарай аймақтың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында өндіріс гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, жалпы санитариялық қадағалау, тағам нысандарын қадағалау бағыттары бойынша бас маманнан бөлім басшысына дейінгі қызметтерге сатылап көтерілді.
2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Г.Сыздықова - қаланың денсаулық сақтау саласымен жақсы таныс, өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табуға әлеуеті жеткілікті білікті кадр. Жаңа қызметте сәттілік тілейміз.

Қызылорда Облысы Сэбд


13 желтоқсан 2023 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930