» » Арал ұлтанына екпе егілуде

Арал ұлтанына екпе егілуде

qarmaqshy-tany.kz Табиғат-Ананың адамзатқа берер пайдасы ұшан-теңіз. Жасыл желек ауаны тазартып, оттегі бөлуде таптырмас дүние. Табиғатты аялау, ондағы жан-жануарлар мен өсімдіктерді көздің қарашығындай сақтау – баршамыздың міндетіміз. Сол себепті де экотәрбие құндылықтардың ішіндегі ең бір құндысы саналады.
Сыр елінің ауасы құрғақ, жазы аптапты ыстық, жері шөлейтті әрі желді келеді. Оны жұрт жақсы біледі. Оған қоса, өңірдің өзекті мәселесі – Арал теңізі әлемдік деңгейде қозғалып жүргені белгілі. Осыған сай Мемлекет басшысы «2021-2025 жылдары аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанынына 1,1 млрд гектар жерге екпелер жасауға нақты тапсырма берді. Президенттің тапсырмасына сай, «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесі осы жылдың күз айына жоспарланған 13074 гектар жерге 37653 келі сексеуіл, қарабарақ тұқымын себу жұмыстарын бастап кетті.
– Екпе жұмыстарын 2021 жылы Арал, Қазалыдағы әріптестеріміз бас таса, біз былтырдан қолға алдық. Келер жылы басқа аудандар да қосылады дегенді айтуда. Көктем мезгілінде де 13000 гектарға сексеуіл өсімдігін көшеттеп отырғызу жұмысын жүргіздік. Күзде тұқымнан егеміз. Осы шаруаға барлығы 32 адам жұмысқа тартылса, топты мекеме директорының орынбасары Сайран Назаров басқарып барып отыр. Олардың қатарына мекеме орманшыларымен бірге ауданның жұмыссыз ретінде тіркелген 20 азаматын уақытша қамтыдық. Топ жұмысын 13- қарашадан бастады (1 ай мерзімге). Науқандық іс-шараға мекемеден 5 трактор, 3 тіркеме, 3 вагон жатақхана, су таситын 1 көлік, 1 сатко, 1 газель, 1 нива автокөлігі жұмылдырылған, – дейді мекеме директоры Абай Бекбергенұлы.
Сондай-ақ ұжым басшысының айтуынша, осы жылы мекемеге жаңадан бірқатар көлік алынған. Мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңартуда оң өзгерістер орын алып, өрт сөндіру және газель автокөлігі, 9 мотоцикл, 4 сексеуіл егетін агрегат, 1 тіркеме, 2 вагон және басқа да техникамен толыққан. Қараша айында 20 жұмыссыз азамат 1 айлық жұмыспен қамтылса, қазанда 21 жұмыссыз аудан тұрғыны сексеуіл тұқымын теруге жұмыспен қамтылған.
С.РАЙЫМБАЕВА
03 желтоқсан 2023 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031