» » Салық төлеушілердің назарына

Салық төлеушілердің назарына

Бизнес өкілдері үшін тағы да жеңілдік, 2019 жылдан бастап, Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе енгізілді. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе дегеніміз – бұл өзара байланысқан үш құрылғыдан тұратын жүйе. Олар онлайн БКМ; POS терминал, тауарларды тіркейтін автоматтандырылған жүйе.
Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер осы тиімді құрылғыны пайдалана алады.
Қазіргі уақытта, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бірыңғай тізіліміне 3 моделі енгізілді (Trinity, Trinity 1.2, Prosklad.kz).
Жартыжылдық салық кезеңі үшін кіріс шегі 24 038 АЕК – 124184 АЕК дейін өседі, яғни оңайлатылған декларация негізінде 82 млн теңгеге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілсе, Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені пайдаланатын салық төлеушілер 428 млн теңгеге дейін оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасай алады.
Бұл жерде айта кету керек, жеңілдік беріліп тұрған 100 146 АЕК (345 млн теңгесі) міндетті түрде POS-Терминал арқылы есеп айырысуды қажет етеді.
ҚҚС бойынша жылдық шектік мәні 20 000 АЕК – 124 184 АЕК дейін ұлғаяды, яғни ҚҚС бойынша 1 жылдық табыс шегі 69 млн теңгеге дейін болса, Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені пайдаланатын салық төлеушілер үшін ҚҚС шегі 428 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл жерде де жеңілдік беріп тұрған 104 184 АЕК (359,4 млн теңге) міндетті түрде POS-Терминал арқылы есеп айырысу қажет етеді.
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы
29 қараша 2023 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 890
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930