» » Ауылын көріп азаматын таны: Аудан әкімі кентті аралады

Ауылын көріп азаматын таны: Аудан әкімі кентті аралады


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы аудандық мәслихат төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлымен бірге кент ішін аралап, кенттің келбетіне көрік берер нысандардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жандос Еркінбекұлы бірінші кенттің шығыс жақ беткейінде орналасқан Достық көшесінің орташа жөндеу мен Шығыс каналының абаттандырылуы бойынша жасалған құрылыс жұмыстарын көрді.

Мұнан соң Тәуекелов көшесінің тұйығындағы аллея жұмысымен танысып, пандус пен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында темір қоршаулардың аралықтарын жиі етіп жасауды тапсырды.

Кент тұрғындарының көтеріп жүрген өзекті мәселесі Бауыржан Момышұлының қазылған аралығын қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша жасалып жатқан жұмыстарды бақылап, мердігер мекеме басшысына 10 күн ішінде жұмысты сапалы аяқтауды тапсырды.

Келесі кезекте Көшербаев көшесінің абаттандырылуы барысына оң бағасын беріп, кенттегі құрылысы жүріп жатқан барлық сквер, аллея, балалар алаңдары мен шағын спорт алаңдары жұмысын жылдың аяғына дейін халық игілігіне беруді кент әкімі Сыдықов Шыңғыс Әбділамитұлына тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 қараша 2023 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10305)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031