Конституция
» » Көлікке газ баллонын орнатуға тыйым салына ма?

Көлікке газ баллонын орнатуға тыйым салына ма?

Қазіргі таңда елімізде көлікке газ баллонын орнатуға тыйым жоқ. Дегенмен кез келген көлік жөндеу орнында жасалатын бұл қызмет қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Энергетика министрлігі мәселені шешу үшін газ баллонды жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алуды міндеттеу шарасын ойластырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов көлікті газға ауыстыруға шектеу қою не қадағалау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
«100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ газ жабдықтарының қайдан келгені, сапасы, қай жерде орнатылғаны тексеріледі. Қазіргі уақытта газ баллонын орнататын компаниялардың лицензиясы мүлдем жоқ. Мүмкін лицензиялық қызмет жасайтын шығармыз. Соны ойластырып жатырмыз», деді вице-министр.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің ресми дерегінше, елімізде соңғы жылда ғана 300 мыңнан астам автомобиль сұйытылған мұнай газына көшірілген.
20 қараша 2023 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 913

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031