» » Сапалы жол сәттілікке бастайды

Сапалы жол сәттілікке бастайды


qarmaqshy-tany.kz Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты бағдарламасында автомобиль жолдарының сапасын көтеру, бес жылдың ішінде республикалық маңызға ие жолдардың жағдайын 100 пайызға, облыстық және аудандық маңызға ие жолдарды 95 пайызға жақсы және қанағаттанарлық деңгейге көтеру туралы міндет қойған болатын. Осылайша Мемлекет басшысы «үйге дейінгі жол» қағидасы жүзеге асырылуы керек екенін айтты.

Жол – экономиканың күретамыры. Осы орайда аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы кент орталығындағы асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жангелдин көшесіне барып, қызу жұмыс барысымен танысты. Жол жөндеу жұмыстарын көрген аудан басшысы мердігер мекеме “НұрBestСтройСервис” ЖШС-нің басшыларына жұмыс қарқынын күшейту жөнінде тапсырма берді.

Аталмыш көшенің ақсақал тұрғыны: "Самаладай жарқыраған шамдар жанды, тақтайдай тегіс асфальт төселіп жатыр, жұмыстың сапалы жүруін бақылап отырмын. Сапалы жасалған жол сәтті қадамдарға жол ашады емес пе?!"- деді.

Биылғы жылы Жосалы кентінде 12 жоба бойынша 15 көше мен көше тұйықтарын қоса алғанда асфальт төсеу жұмыстарына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, кент орталығындағы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі көшенің қазылған аралығын мердігер мекеме шұңқыр пайда болған бөліктерінің ылғалды топырағын алып, қиыршық тас араласқан таза топырақты арнайы техникамен нығыздап, бастырып барып, асфальт төсейтін болды. Аудан әкімі қысқа мерзім ішінде аталмыш жұмыстарды толығымен аяқтау туралы нақты тапсырма берді.

Мұнан соң аудан басшысы Шығыс каналын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстары бойынша екі мердігер мекеме жұмыс жасап жатыр. Канал басында жұмыс қарқыны қауырт.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 қараша 2023 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10305)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031