» » Оқырманын баураған ойлы кітап

Оқырманын баураған ойлы кітап

qarmaqshy-tany.kz  ОСЫДАН ҮШ ЖЫЛ БҰРЫН РЕДАКЦИЯҒА КӨЗІНДЕ ЖАЛЫНДАҒАН ОТЫ БАР, СҰҢҒАҚ БОЙЛЫ БОЗБАЛА КЕЛДІ. «КІТАП ШЫҒАРЫП ЕДІМ» ДЕП ҚОЛЫНДАҒЫ СИЯСЫ КЕППЕГЕН ЖАҢА КІТАБЫН БІЗГЕ ҰСЫНДЫ. БҰЛ «ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМ» АТТЫ ЕСТЕЛІК-ЭССЕ КІТАП ЕДІ. СОНДА АВТОР «ЖЕР БАСҚАНҒА МӘЗ БОЛМА, АРТЫҢДА ІЗ ҚАЛМАСА» ДЕГЕН СӨЗ БАР ҒОЙ. ОСЫҒАН САЙ, АРТЫМДА ІЗ ҚАЛДЫРУ МАҚСАТЫНДА КІТАП ШЫҒАРУ ИДЕЯСЫ КЕЛДІ. АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДА БҰЛ БАСТАМАМДЫ ЖАЛҒАЙ БЕРЕРМІН» ДЕГЕН БОЛАТЫН. АЙТСА АЙТҚАНДАЙ-АҚ, ЖАҚЫНДА АВТОРДЫҢ ТАҒЫ БІР КІТАБЫ ОҚЫРМАНЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ.
Мақаламызға арқау болып отырған талапты жас – Нұрасыл Бекматов. Ол осы ауданның тумасы. 9 сыныпты аяқтап, әрі қарай Астана қаласындағы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде «Қаржы» мамандығы бойынша білімін жалғастырады. Мектеп қабырғасынан қоғамдық жұмысқа белсене араласатын ол, үлкен білім ордасында да қайсыбір ісшараның алғы шебінде жүрді. Қызмет жолын аудандық Жастар ресурстық орталығында маман болып бастаған. Ал қазір «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің медиа және ақпарат бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.
– Қазіргі қызметім үлкен жауапкершілік жүктейді. 16 өңірде филиалымыз, 300-ге жуық сарапшымыз, 128 мыңнан асып артылатын мүшеміз бар. Әділдік, туралық, талапшылдық, жандану және әдепті өркениет сынды бес қасиетті бет түзер құбыласы ретінде ұстанған бірлестіктің басты миссиясы – саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі мен дағдысын арттырып, жан-жақты қолдау көрсету. Яғни, ой айту емес, ой ояту, – дейді білікті жас.

«Асыл – тастан, өнер – жастан» демекші, жастар – қоғамның қозғаушы күші әрі креативті идея тудырушылар. Қаламгер жастың қалың оқырманға жол тартқан жаңа кітабы «Бақытсыз Жан» деп аталады. Бұл туралы автор ойын былайша түйіндейді.

– Қараңғыда қанша от көрсең, қазақ даласында сонша отбасы бар. Отбасының ішінде болып жатқан құбылыстардың барлығынан бейхабар емеспіз. «Бақытсыз Жан» романы әр отбасының шаңырағындағы оқиғаларды суреттейді. Біз отбасыларды жекелей емес, дастарқандарының басында болып жатқан оқиғаларын өздеріне мысал ретінде келтіріп тәрбиелей аламыз. Романда ата-анаға деген құрмет, адалдық, тәрбие, өнеге, махаббат сынды тұжырымдар айтылған, – дейді ол.
Кітаптың алғашқы тираждары кітап шыққан күні таратылып кеткен. Одан бөлек, 24 сағаттың ішінде 200-ден астам адам кітаптың электронды нұсқасын оқып, 50-ден астам адам сатып алу үшін байланысқа шыққан. Алайда Нұрасыл әлеуметтік желідегі парақшасында «Ағайындар. Кітап сатылмайды. Білім тегін. Жаратқанымның жүректен шығарған сөздері сіздерге сый» деп жазба қалдырыпты. Яғни автордың көздегені кітап сатып табысын молайту емес, ойлы жастардың қатарын көбейту.
– Алғы сөзде айтқандай кітап қазақ жастарының әрбірінің қолына берілетін құрал. Біз қазіргі қоғамның бір-бір қоңырауы болуымыз керек. Кітапты шығарудағы мақсатым – жастарды ояту, ғылым мен білімге баулу, ағартушылыққа шақыру. 27 жыл ғана өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғырдың 1 роман, 5 поэма, 170 өлең мен 28 мақаласы болған. Бұл қазір бізге мотивация болуы керек. Иса Байзақтың «Мезгілсіз, мерекесіз кеткендердің әруағы мені де айт деп құлағымнан сыбырлайды» деген сөзі бар. Сол секілді осындай туындыларды шығарып барлығына мүмкіндігінше үлестіріп беремін деген шешімде отырмын, – дейді ол.

«Жас келсе – іске» демекші, Нұрасылдың алға қойған мақсаты айқын, қадамы нық. Бағындырар белесі әлі алда. Қызметі мен шығармашылығын, онымен қоса қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген кейіпкеріміз көпке үлгі. Ал кітаптары жас буынды жігерлендіріп, оқырманына ой салып, көп жүректі жаулайтыны анық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
08 қараша 2023 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031