» » Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіру тәртібі өзгереді

Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіру тәртібі өзгереді

1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Qyzylorda телеарнасына сілтеме жасап.
Енді тұрғындарға шаһарға кіріп-шығу үшін алдын ала рұқсат алып, құжат тапсырмайды.
«Белгіленген тәртіп бойынша Байқоңырға қонаққа немесе іс-сапарға келетін кез келген адам 10 күн бұрын өтініш беруі керек. Келісімге өзгеріс енгізілді. Ұзақ уақыт зерттеуден кейін шешім қабылданды. Пилоттық режимде 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан азаматтарына өткізу пунктінде рұқсаттамалар беріледі»,—деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары және президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай.
Айта кетейік, Байқоңыр – Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген қазақстандық қала. Қалаға кіріп-шығудың да өз тәртібі бар. Қала аумағына плиталар, жан-жағына бейнекамералар қойылған.
Қолданыстағы мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, «Байқоңыр» кешені (оның құрамына ғарыш айлағы мен қала кіреді) 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілді.
03 қараша 2023 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031