» » Торқалы 95 жылдықтың шашуы: Мерейтой аясында бұқаралық марафон өтті

Торқалы 95 жылдықтың шашуы: Мерейтой аясында бұқаралық марафон өтті


qarmaqshy-tany.kz "Киелі мекен - Қармақшым" атты мерейтойлық жүгірісіне аудан жастары мен әуесқой спортшылар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жартылай марафонда қатысушылар бір бағыттағы қашықтық бойынша 6 шақырымдық жол аралығын жүгіріп өтті.
“Ауданның құрылғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында қолға алынған марафон - бұған дейін де қоғамдық сипат алған болатын. Марафонның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біздің ауданымыздағы бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, бүгінгі күні осындай ауқымды дәрежеде марафон өткізіліп жатыр. Бұл спортшыларымыздың саламатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы артқанын көрсетеді. Бүгінгі жарысқа 100-ден аса желаяқ қатысуда. Марафонға қатысушылардың саны жыл санап өсуде. Бұл көңіл қуантарлық жайт. Ауданымыздың дүбірлі тойы тағы да құтты болсын!" - деді Самат Қыдырбекұлы.

Бір жарым сағатқа созылған марафон өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар мен марапаттар табыс етілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 қазан 2023 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031