» » Халықаралық трейл марафон өтеді

Халықаралық трейл марафон өтеді

25 тамыз күні Алматыда екінші рет Home Credit Irbis Race атты халықаралық таулы ультрамарафоны өтеді. Жарыс ресми түрде халықаралық трейлраннинг қауымдастығымен сертификатталған. Марафонның жалпы ұзындығы – 50 км, алу биіктігі – 2600 метрден астам. Марафон Үлкен Алматы көлінен бастап, Медеуге дейін жалғасады.
Стартқа 11 елдің 300 шақты батыл, әрі жүйрік спортшылары шығады. Олардың арасында Израиль, Франция, Чехия, АҚШ, Германия, Аустралия, Норвегияның азаматтары бар. Былтырғы марафонның абсолют женімпазы – казақстандық Дмитрий Власов. Ол дистанцияны 6:11:21 уақытта аяқтады.
Home Credit Irbis Race-тың басты мақсаты – Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, адамдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру және отандық және сыртқы туризмді дамыту.
16 тамыз 2018 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 119
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031