» » Өткенді ұмытпау — бүгінгінің борышы

Өткенді ұмытпау — бүгінгінің борышы

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің негізі 1895 жылы қаланған. 128 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасынан республикаға белгілі ғалым, ақын-жазушылар, спортшылар тәрбиеленіп шыққан. Олар – экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетов, саяси ғылымдар кандидаты Мұсахан Айтбайұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, балалар хирургиясының атасы Камал Ормантаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдіқади Пірмағамбетұлы, экономика ғылымдарының докторы Серғали Толыбеков, фантаст жазушы Раушанбек Шәкіманұлы, жазушы Адам Мекебаев, тағы басқа да танымал тұлғаларды өсіріп, ұшырған байырғы білім ұясы.

Мектеп ауданда алдыңғы қатарда болумен бірге ардагерлері де білім ұясымен тығыз қарым-қатынаста келеді. Бірде үлкендік жолын көрсетсе, енді бірде ақылкеңес беріп, тәжірибелерімен бөліседі. Жалпы бұл мектепте ұстаздықпен қатар өнегелік істердің өрнегі қалыптасқан десек болғандай. Соның бір парасы – «Бәрін айт та, бірін айт...» демекші, бірлікпен ынтымақты ту еткен білім ошағының ардагерлері мен мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен сенбіде «Мәлике ана» мейрамханасында «Ұстаздық ізің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» тақырыбында іс-шара өтіп, ас берілді. Оған осы мектепте қызмет еткен марқұм мектеп басшылары мен ұстаздарының, басқа да қызметкерлерінің ұрпақтары қатысып, Құран қатымға қол жайды. Асқа Қостанай, Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларынан қонақтар арнайы келді.
Еске алу іс-шарасында ұзақ жыл білім саласында еңбек етіп, №26 мектепті басқарған Зибаш Қамбарова, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, саяси ғылымдар кандидаты Мұсахан Басшыбаев, ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаева, іс-шараға шақырылған Рая Қалабайқызы, Тындым Шакизада жары, Жомарт Жаппасбаев, Болат Көшербаев, Нәйлә Назарқызы және тағы басқалары сөз сөйлеп, атааналарын, өмірден өткен аяулыларын сағына еске алды.
– Тілегі бір, мақсаты ортақ киелі Қармақшы мекенінде алғаш ашылған қара шаңырақ №26 орта мектебінің ардагерлері мен ұстаздары басымызды қостық. Іргетасы сонау 1895 жылы қаланғаннан бастап қайтыс болған 20 мектеп директорын және зейнеткерлікке шығып қайтыс болған 48 ұстазымызды, сонымен қатар зейнет жасына жете алмай өмірден өткен 14 ұстазымызды, одан бөлек өзге өңірге қоныс аударып қайтыс болған 58 әріптесіміздің рухына Құран бағыштап, еске алып жатырмыз. Осы шараны ұйымдастыру кезінде 140 дүниеден өткен ардақтымыздың ұрпақтарымен хабарласып, асқа шақыру жұмыстарын жүргіздік. Сол кісілердің бүгін іздеушілері келіп қатысып, басымызды қосқанымызға өте қуаныштымыз. Жақсы естеліктер айтылды, тарихтың біраз беті парақталды. Көзімізге қимастықтың жасы іркілді. Ұрпақтары ризалығын білдіріп, алғысын айтуда. Өмірден өткен қимастарымыздың бейнесі слайд арқылы көрсетілді. Алғашқы мектеп пен бүгінгі мектептің бейнесі экранға шыққанда жан тебірентерлік сезімде болдық. Көңіл толқытарлық мұндай шара бұрынсоңды ауданымызда болмаған екен. Осыншама ұстаздардың мәліметін жинау, жүйелеу бізге оңайға соққан жоқ. Десе де, сөз ретінде Қазақстанның әр түкпірінен ат арытып келген барша қауымға біз де өз тарапымыздан шексіз алғысымызды білдіреміз, – дейді асты ұйымдастырып, оған бастамашы болған ардагер ұстаздар Раушан Байназарова, Дина Әміралиева, Талмаш Жұмабаева, Хадиша Елеунұрова және №121 орта мектептің директоры Болат Жұмабаев.
Аста Қармақшы ауданының құрметті азаматы Амангелді Ақжігітов бата берсе, имам уағыз айтып, әруақтарға дұға бағыштады.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
17 қазан 2023 ж. 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031