» » Жасөспірім болашағына бағдар

Жасөспірім болашағына бағдар


qarmaqshy-tany.kz Аудан орталығындағы №250 мектептің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу, жасөспірімдердің болашағына бағдар жасау бағытындағы профилактикалық жиын өтті.

Жиынға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің "Қуаңдария" шекара бөлімінің лейтенанты Жакеев Қасымхан Бауыржанұлы мен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандарбеков Ермек Айтбекұлы және аудан орталығындағы мектеп мұғалімдері мен 11- сынып оқушылары қатысты.

Аталған жиында аудандық полиция бөлімінің орынбасары, «Қуаңдария» шекара бөлімінің қызметкерлері жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, зиянды әдеттер, интернет желісіндегі түрлі бағыттағы сайттарға тіркелмеу, топтық төбелестің жастардың болашағына әсері туралы ойларымен бөлісті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы: "Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын түрлі оқиғалар осы топтық төбелестің әсерінен туындайды. Болашақтарыңыздың баспалдағын бүгіннен бастағандарыңыз ләзім"-деді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 қазан 2023 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930