» » Қазақстан азаматтары QR-код арқылы жұмысқа орналаса алады - министр

Қазақстан азаматтары QR-код арқылы жұмысқа орналаса алады - министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин болашақта халық QR-код арқылы сертификатсыз жұмысқа орналаса алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ведомство басшысы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында өткен «Қазақстан – IT елі» панельдік сессиясында айтты.
«Біз алдағы уақытта не нәрсеге көңіл бөлеміз? Жақын арада біз анықтамасыз жұмысқа орналасуға мүмкіндік береміз. Жұмысқа өтініш бергендердің бәрі оны электронды форматта да жүктеп алып, жеке құрамға апару керектігін біледі. Бүгін олар Президентке QR арқылы қалай жұмысқа тұрып, еңбек шартына қол қоюға болатынын көрсетті», деді Бағдат Мусин.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Президент Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech, Kaspikz, АРФР, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar көрме аймақтарын аралап көрді.
Ақорданың баспасөз қызметі атап өткендей, Бағдат Мусин Мемлекет басшысына кейбір екінші деңгейлі банктер мен басқа да компаниялар өз платформалары арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретінін хабарлады.

12 қазан 2023 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930