» » Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту туралы

Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту туралы

qarmaqshy-tany.kz  Балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы жүйесі халықаралық стандарттарға сай келетінін атап өткен жөн.

Әлеуметтік кодексте балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылды.

Бұл жаңа параметрлер отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың ауқымын кеңейтуді көздейді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысы 18 жасқа дейінгі балаларға беріле бастайды.

Бұл қадам балалар кәмелеттік жасқа толған кезде өмірге жолдама беретін бастапқы капитал іспетті қосымша қолдау болмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлемді төлеу кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істемейтін аналарға республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуде.

Бұл қызмет алушыларға проактивті форматта ұсынылады.
Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілді.

Бұл мәртебені «Күміс алқа», «Алтын алқа» медальдарымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі.

«Алтын алқа», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен және «Батыр Ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар үшін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін артты. Бұл жәрдемақы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап төленіп отыр.
З.ШАЙМЕРДЕНОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»
КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы — Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы
04 қазан 2023 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930