» » Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту

Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту

Фото

Балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы жүйесі халықаралық стандарттарға сай келетінін атап өткен жөн.

Нақтырақ айтсақ:
а) жүктілікке және босануға, сәбидің дүниеге келуіне, бала күтіміне байланысты төлемдер бар;
ә) көпбалалы отбасыларға, 6 және одан көп баланы босанған аналарға және мүгедек баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар қарастырылған;
б) тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
Сондықтан, Әлеуметтік кодексте балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылған.

Бұл жаңа параметрлер отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың ауқымын кеңейтуді көздейді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысы 18 жасқа дейінгі балаларға беріле бастайды.

Бұл қадам балалар кәмелеттік жасқа толған кезде өмірге жолдама беретін бастапқы капитал іспетті қосымша қолдау болмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлемді төлеу кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды.

Бұл қызмет төлем алушыларға проактивті форматта ұсынылады.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істеймейтін аналарға республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуде.

Облыс бойынша 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төлем алушылардың саны 19,6 мыңға жеткен, оның 3,5 мыңы бюджеттен бала санына қарай 19,9 мың теңгеден 30,7 мың теңгеге дейін алуда.

Ал, қалған 16,1 мыңнан астам аналар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде төлем алуда. Әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 48 мың теңгені құрайды.

Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілген.
Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі.

Сондай-ақ, наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделген. Бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алуда.

Кодекске сәйкес «Алтын алқа» алқа, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар және «Батыр Ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар үшін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін артады. Бұл жәрдемақы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап төленетін болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті


12 маусым 2023 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031