» » Бақыттың кілті

Бақыттың кілті

«Адал еңбек барында,
Таза сенім арың да.
Сол еңбекпен келеді,
Күнде жейтін наның да» дегендей, жуырда ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының coworking орталығында жас ұрпақтарды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекке баулу жолдары арқылы тәрбиелеу, еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту және еңбек адамын дәріптеу мақсатында «Бақыттың кілті – еңбекте» атты тақырыбында еңбек адамымен кездесу кеші өтті.

Кешке арнайы шақырылған «Достық» шаруашылығының еңбеккері, «Үздік күрішші – 2021» номинациясының иегері, 2013 жылдан бастап сушы болып жұмыс істеп келе жатқан Білімжан Қалымбетов және мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Еңбек адамын дәріптеу кісілігіміздің ғана емес ұрпаққа өнеге тұтар асыл қасиеттеріміздің белгісі. Алдымен кітапханашы еңбек адамы Білімжан Қалабекұлының өмірбаянымен, биік көрсеткіштерге қол жеткізіп, ел қамбасына мол өнім жинауға қосқан қажырлы еңбегімен таныстырып, бейнепроектордан «Адал еңбек» туралы қысқаша фильмді назарларына ұсынды.

Сонан соң кітапханашы ақын Дастан Мырзабекұлының «Жүректен тамған тамшылар» атты кітабындағы «Күріш» атты өлеңін оқып берді. Сондай-ақ өнер мектебінің мұғалімдері Айгерім Нұрғазықызы және Бақдәулет Серікбайұлы Құрманғазының  «Адай», «Балбырауын» күйлерін домбыра және қобызда дуэт болып нақышына келтіріп тартса, Айгерім «Ауылымды сағындым» атты әнін тамылжыта орындады.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары Жания, Нұрдәулет, Арман, Тоғжандар ақын-жазушыларымыздың еңбек туралы өлеңдерін оқыса, Ілияс пен Диас Төлеуовтер Құрманғазының «Саранжап» күйін тартып, «Байтақ елім» атты әнді дуэтпен орындап берді.

Іс-шара барысында оқушылар еңбек адамына өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Тоқабаев өзінің ой-пікірін айтып, алғысын білдірді.

Кеш соңында ауылдық округі әкімі Нұрлыбек Сайымов жас ұрпаққа еңбек жөнінде біраз мағлұмат беріп, кешке қатысқан еңбек адамы Б.Қалабекұлына аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың арнайы Алғыс хатын табыстап, сый-сияпат жасады. Кешке қатысушылар кітапханада ұйымдастырылған тақырыпқа сай суретті кітап көрмесімен танысты.

Рима ТҰРМАНОВА,
ІІІ Интернационал ауылдық
кітапханасының кітапханашысы
23 қыркүйек 2023 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30