» » Еңбек еткен мұратына жетеді

Еңбек еткен мұратына жетеді

qarmaqshy-tany.kz «Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің» дейді дана халқымыз. Тек еңбек етсең ғана бәрі жақсы болады. Үздіксіз еңбек пен талпыныс қана алға итермелейді.
Тұрмағамбет ауылындағы No29 орта мектепте 2-11 сыныптар аралығында мұратына жеткен еңбек адамдарының өнегесі мен еңбектегі ерліктері ұлықталып,тәрбиелік мәнін түсіндіруге арналған тәрбие сағаттары өткізілді. Өз ауылымыздағы еңбегі елеулі, атап айтсақ Сәлима Жұмабекова, Әбен Тоғызбаев секілді ата-әжелеріміздің, ел ағаларының ерен еңбегі арқылы мұратқа жеткендігі насихатталды.
Жоғарғы сынып оқушылары қазіргі таңдағы ел ағаларының еңбегін үлгі ретінде эссе, шығарма жазып бастауыш сынып оқушылары арасында сурет салып, бейнероликтер жасады. «Үздік бейнеролик» атауын жеңіп алған Дәулет Бұқпанов жетекшілік ететін 10 «а» сынып оқушылары марапат төрінен көрінді. Үздік бейнероликте күрішші ағамыз Мұрат Қожабаев, осы жылы еңбекте озат болған Жалғас Исаев, Аманқос Әбенов, Болат Сәуенов, Оңалбай Жәкеев, Өтеген Жармедетовтің еңбектері үлгі ретінде көрсетілген. Бай болу бірінші деген мағынаны білдіреді. Бірінші болу еңбек арқылы мұратқа жетуді меңзейтіні айқын айтылды.
Қазір жастар кәсіпкер болуды армандайды. Неге десеңіз, еркіндік бар – ешкімнің алдында есеп бермейді, таңдау бар, өзі қалаған іспен айналысады, қалтасы қалың – айлық-нәпақам қашан түседі деп отырмай, үнемі қаржылық жағдайда жақсы жүреді. Мемлекетке пайда әкеле отырып, өзі табысқа жетеді. Меніңше осылайша ойлайтын жас буын өте ақылды. Дегенмен, кейбірі саналы түрде кәсіпкер болуды армандап, осы жолға түссе, кейбірін өмірдің өзі еңбекке жетелейтіні айқын.
Бибігүл АЙТБАҚОВА,
No29 орта мектептің аға тәлімгері
09 қараша 2022 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930