» » Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарай бастаған

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарай бастаған

Фото: pixabay.com
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарай бастады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғат Уәлидің сөзінше, өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетіп жүр. 

Оның айтуынша, алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрап жүр. Осыған орай, Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды.

Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егерде сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуыңызға болады.

massaget.kz​​​
18 қыркүйек 2023 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930