Құрылтай
» » Тазалық жұмыстары жүргізілді

Тазалық жұмыстары жүргізілді

Аудан орталығындағы Жосалы кентінде бүгін сенбілік ұйымдастырылып, дербес бөлім қызметкерлері, білім, мәдениет, денсаулық саласы мен теміржол мекемелерінің мамандары кент аумағын тазалауға шықты.

Сенбілікке барлығы 500-ден астам адам қатысып, кент көшелері, саябақ, жеке аумақтары қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, жиналған қоқыстар арнайы техникалармен шығарылып, уақытша полигонға жеткізілді.

Мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы "Мәңгілік ел" аллеясы мен дендро саябақтың жай-күйін көріп, кент әкіміне қазан айының 15-не дейін қалыпқа келтіру туралы нақты тапсырмалар берді.

Аудан орталығында ғана емес, тазалық жұмысы ауылдық округтердің барлығына жүргізілді. Осы ретте әрбір тұрғынның үй ауласын ретке келтіріп, тал егіп, өңір ажарын ашуға өз үлестерін қосқандары абзал.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2023 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31