» » Дамудың жаңаша жолы

Дамудың жаңаша жолы

Сәрсенбіде «AMANAT» партиясы аудандық филиалына қарасты  «Аудандық емхана» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының осы жылдың 1 қыркүйегінде қазақстандықтарға жариялаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Жолдауы кеңінен насихатталып, талқыланды.

Оны бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақытжан Нысанбаев жүргізді. Басқосуға емхана қызметкерлері, медицина саласының мамандары, жастар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері  қатысты.

Іс-шарада «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов Президент Жолдауының маңыздылығын айта келе, партияластармен өз ойын бөлісті.

– Елімізде саяси реформалар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ондағы мақсат – Әділетті Қазақстан құру. Байқап отырсақ, жыл сайынғы халыққа жолданатын әрбір Жолдаудың өз ерекшелігі бар. Бұл Жолдаудың ерекшелігі – президент экономикаға назар аудартып, Үкіметке көптеген тапсырма беруі. Оның себебі де жоқ емес. Экономика – мемлекеттің басты драйвері, қозғаушы күші. Мемлекеттің әлеуеті мен күш-қуаты да осы экономикалық өсіммен тікелей байланысты. Одан өзге, елді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, өндіріс ошақтарын ашу, оның ішінде өнеркәсібі дамыған мемлекетке айналу, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікке басымдық беріп, оған жағдай жасау, тағы басқа да мәселелер айтылды. Біздің өңіріміз агроөнеркәсіптік өңір. Сала әркез Мемлекет басшысының назарында келеді. Алдағы уақытта да қолдау білдіріліп, көңіл бөлінетінін айтқан президент тұрмыстық мәдениетті қалыптастыруды да шет қалдырмау керектігін атады. Бұл – үнемшілдік. Өйткені, ешнәрсе мәңгілік емес. Табиғи ресурстардың барлығының бітетін күні болады. Сол үшін әрбір отбасында жарық, көгілдір отын, суды үнемдеу де уақыт тудырып отырған қажеттілік, – деді Әділ Үсенұлы.

Басқосуда партия ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков бүгінде елдің әлеуметтік жағдайының біршама жақсарғанын, білім саласы мен медицина, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысының өскенін, студенттердің шәкіртақысына үстеме қосылғанын игілікке балады. Дегенмен, азық-түлік бағасының қымбаттап, қалтаға батып тұрғанын да жасырмады. Оны еңсеру үшін сырттан әкелінетін өнімге емес, әрбір тұрғын өзі өндірген өнімге арқа сүйеу керек екенін алға тартты. Мемлекет басшысы атап өткен елдегі өнеркәсіп көлемін ұлғайту, өңдеу технологиясын дамыту, экспорт әлеуетін арттыру, бала білімі мен ұлтты сақтау мәселелеріне орай өзінің ұсыныс-пікірін білдірді.

Сонымен қоса, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дастан Буханов, партия ардагері Гүлжауһар Төлегенқызы, Саяси кеңес мүшесі Сәрсенкүл Райымбаевалар қатысып, жиынға қатысушыларды қабырғалы құжатты қолдауға шақырды.

С.АҚКІСІ
09 қыркүйек 2023 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 587

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30