» » Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

Бүгін «Amanat» партиясы Қармақшы аудандық филиалына қарасты «Интернационал» бастауыш партия ұйымының актив отырысы өтті. «Интернационал» БПҰ төрағасы Н.Сайымов төрағалық еткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Жиында БПҰ төрағасы биылғы Жолдаудағы негізгі басымдықтарға кеңінен тоқталып, мән-маңызын түсіндірді. Сондай ақ, Жолдаудағы бес бағдарды қолдау бағыты бойынша баяндамалар тыңдалып, оны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.

Жалпы әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау партияға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл тұрғыда бастауыш партия ұйымы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады.

Жиын соңында БПҰ төрағасы Нұрлыбек Ізбасарұлы жолдаудағы жаңа бағдарламаларды толықтай қолдап, белсенді жұмыс жасауға шақырды.
15 қыркүйек 2022 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930