» » Банкрот болған қазақстандықтардың қарызы кешірілді

Банкрот болған қазақстандықтардың қарызы кешірілді

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау 2023 жылдың 3 наурызында басталды. Жарты жылдан соң 4 қыркүйекте банкрот мәртебесін алғашқы 302 қазақстандық алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір банкрот жариялауға өтініш бергендер бойынша жалпы берешек сомасы – шамамен 708,5 млн теңге. Бір адамға орта есеппен 2,3 млн теңгеден сәл көп, – делінген хабарламада.

"Бірінші кредиттік бюро" мәліметіне сәйкес, берешектің ең жоғары сомасы – 106,5 млн теңге, ал ең төмен сомасы – 48,5 мың теңге. Ең көп банкрот – Алматыда. 51 алматылық банкрот жариялады. Қарағанды облысында 34 және Алматы облысында 24 адам. Республиканың барлық аймағында банкроттар бар. Ең аз банкрот СҚО-да, үш-ақ адам және ШҚО бойынша төрт адам.

Берешектің ең жоғары орташа сомасы – сегіз миллион теңге, Батыс Қазақстан облысында. Берешектің ең төменгі орташа сомасы – Түркістан (883 мың теңге) және Абай (999 мың теңге) облыстарында.

Банкрот мәртебесін алған ең үлкен қазақстандық 64 жаста. Ең жасы 23 жаста.

Айта кетейік, барлығы соттан тыс банкроттыққа 64,6 мың өтініш берілді. 51,4 мың адамға бас тартылды.


06 қыркүйек 2023 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728