» » «Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген ерекше жандардың бірі – жамбылдық спортшы Зүлфия Ғабидуллина.
Ол жүзуден еліміздің тұңғыш жазғы Паралимпиада чемпионы, 13 әлемдік рекорд пен 200-ден астам медальдың иегері. Әулиеаталық спортшы – мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан Қазақстанның атын дүниежүзіне танытып жүрген жігерлі тұлға.
Зүлфия Ғабидуллинаны 6 жасында көлік қағып кетіп, омыртқасы мен басына ауыр зақым келеді. Содан ол мәңгіге мүгедек арбасына таңылады. Дегенмен бұл ауыр жағдайға ол мойыған жоқ. Күн сайынғы жаттығулар, оңалту курстары мен мамандардың көмегі жас қыздың өміріне спортты серік етті.
Зүлфия Ғабидуллина, жүзуден Паралимпиада ойындарының жеңімпазы:
- Спорт – менің өмірім. Мен спорттың көмегімен өз орнымды таптым, өмірімді жаңа деңгейге көтердім. Спорт еріншектерді сүймейді. Мен бала кезімнен бір орында отыра алмайтынмын, сондықтан бұл менің жаныма жақын, сүйікті ісім. 
Зүлфия Ғабидуллина алғашқы жарысынан бастап-ақ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Сол сәттен оның жұлдызды шағы басталды. Алайда спортшының өмірі тек жеңістерден ғана тұрған жоқ. Ол өз жолында талай кедергіге кездесті, жарысқа баратын ақша таппай қиналған кездері де болды. Тек еңбек пен жігерінің арқасында ол барлық қиындықты жеңе білді. Ал Рио олимпиадасында Зүлфия бүкіл әлемді мойындатты. Рекорд жаңартып, елімізге тұңғыш алтын медаль алып берді.
Зүлфия Ғабидуллина, жүзуден Паралимпиада ойындарының жеңімпазы:
- Алғашында мұндай боларын білгенім жоқ. Тек бапкерлер берген тапсырманы тиянақты орындауға тырыстым. Және ол өз жемісін берді.  
Зүлфия Ғабидуллинаның спорттағы жеңістеріне оның жеке бапкері Саттар Бейсембаевтың қосқан үлесі орасан. Ол тек спортшыны физикалық тұрғыдан дайындап қана қоймай, мықты моральдық қолдау көрсете білетін маман.
Саттар Бейсембаев, Зүлфияның жеке бапкері:
- Біз мақсат қойсақ, сол мақсатқа сүрінбей, бар күшін салып еңбектенеді, өте жауапкершілігі мол. Жасы 52-ден асса да спортты тастамаймын, еңбектенемін, тағы да биік шыңдарды бағындырамын деген ниеті бар.
Спорттан бөлек ол үй шаруасымен айналысқанды жақсы көреді. Кесте тігіп, гүл өсіреді. Оның өміріндегі ең қымбат жан – қызы Руфия. «Менің жетістікке ұмтылуымның басты себебі – осы қызым, оның қуанышты күлкісі мені алға жетелейді», – дейді спортшы. Сондай-ақ ол әрқашан өзіне қолдау көрсеткен отандастарына, сенім білдірген еліне алғысы шексіз екендігін айтады. Сондықтан да алдағы уақытта тек алға ұмтылып, Қазақстанның атын әлемдік ареналарда шығара беруге ниетті.
24.kz


14 мамыр 2018 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031