» » Жалпыоблыстық сенбілік аясында

Жалпыоблыстық сенбілік аясында


qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы жұрты жалпыоблыстық сенбілік жұмыстарына белсене атсалысты. Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілерден бастап кәсіпорындар мен әлеуметтік ұйымдардың ұжымдары, аудан тұрғындары мен ерікті жастар белсене атсалысты.

Сенбілікте көшелерді тазалау, ағаш түптерін әктеу, жаңа талдарды түптендіру жұмыстары жүргізілді. Кент пен ауыл көшелеріндегі бағандар мен темір қоршаулар сырланып ауыз су каналдарындағы, кентішілік арықтардың бойындағы қоқыстар толығымен кент, ауыл сыртына шығарылды.

– Біздің айналамыздың тазалығы – біздің келбетіміз. Бүгін аймақ басшысының бастамасы аясында жалпыоблыстық сенбілікті қолдап шықтық. «Тазалық ластамаған жерде болады» деген бар. Аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, туған жерімізді ластамауға шақырамын және үйдегі ұл-қыздарымызды да бала кездерінен туған жердің тазалығына жауапты екендіктерін сезіндіріп тәрбиелесек деген тілегім бар, – деді сенбілікке қатысқан аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы.

Тазалық жұмыстарын пысықтаған Самат Қыдырбекұлы жауапты сала мамандарымен бірге кент көшелерін аралап, кенттің санитарлық тазалығын тексерді. Тексеріс барысында абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін бірқатар нысандардың иелерімен тілдесіп, оларға кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін ескертті. Ғимараттар алдын тазалау, қасбеттерін реттеу, аумақты абаттандыру жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 тамыз 2023 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930