» » Су өткелі мен су құбыры кезек күттірмейтін мәселе

Су өткелі мен су құбыры кезек күттірмейтін мәселе


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Иіркөл ауылына сапарын аудандық маңызы бар автомобиль жолының Балажарма каналындағы су өткелінің қазіргі жағдайымен танысудан бастады.

"Тозығы жеткен, қалпына келтіру жұмыстарын талап етіп тұрған канал ауыл халқы үшін өте маңызды. Сол себепті халық қауіпсіздігі үшін тез арада өткелді қалпына келтіру жұмыстарын бастаңыздар, себебі бұл канал кезек күттірмейтін мәселе. Біз үшін тұрғындардың өмір қауіпсіздігі бірінші орында",– деген Жандос Еркінбекұлы сала басшыларына шұғыл тапсырмалар берді.

Мұнан соң аудан басшысы ауылдағы негізгі әлеуметтік нысандар фелдьшерлік акушерлік пунктің жай-күйін көріп, 107-ші мектеп пен ауылдық "Самал" бөбекжай-бақшасының жаңа оқу жылына дайындық барысын толықтай тексеріп, баланың білім ордасының ішіндегі қауіпсіздігін бақылау камераларының жұмысына дейін жіті қадағалауды мектеп басшылығына міндеттеді.

Сапар соңында Жандос Еркінбекұлы Иіркөл ауылы мен Жосалы кенті аралығындағы магистральді су құбырының қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жоба-сметалық құжаттарын қарап шығып, сала бойынша орынбасары Жұлдызхан Байназарұлына тиісті тапсырмалар беріп, қатаң бақылауға алуды ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 тамыз 2023 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031