Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Жүргізуші куәлігін алуда өзгерістер бар

Жүргізуші куәлігін алуда өзгерістер бар


Темір тұлпарды тізгіндеу үшін арнайы куәліктің керегі белгілі. Жеке тұлғалардың жүргізуші куәліктерді алуға теориялық емтиханды тапсыру бойынша ҚР Ішкі істер министрінің №862 бұйрығына бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұл толықтырулар ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап күшіне енді. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысының полиция департаменті, Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Нұржан Өтепбергенов мәлімдеді.

- Талапкер бірінші реттен теориялық немесе практикалық емтиханды тапсыра алмаса, келесі күні тапсыру мүмкіндігі бар. Екінші реттен де тапсыра алмаған жағдайда, бір ай мерзім өткен соң тапсырады. Егер практикалық емтиханды үшінші ретте де сәтсіз тапсырған жағдайда тапсырылған теориялық емтиханның нәтижелері жойылады. Осылайша, теориялық емтиханды тапсыру мүмкіндігі тек екі ай уақыт өткен соң тапсыру мүмкіндігі туады. Ал, теориялық емтихан барысында қандайда бір талапты бұзса, емтихан тоқтатылып, қайта тапсыру мүмкіндігі үш ай мерзімнен кейін беріледі, - деді Нұржан Темірханұлы.

Сонымен қатар, жаңа талаптар бойынша азаматтар практикалық емтиханды автомектептің арнайы автокөлігімен тапсырады. Бұрын автомектептің тек мамандандырылған ХҚКО-ның арнайы жабдықталған автокөлігімен ғана тапсыра алатын.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 тамыз 2023 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031