Құрылтай
» » Авторы белгісіз картина

Авторы белгісіз картина


Сіз білесіз бе, Қызылорда қаласындағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында ұлы Абайдың ерекше бір портреті бар. Абай Құнанбайұлының портреті бейнеленген бұл туынды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына осыдан 46 жыл бұрын Алматы қаласындағы Шевченко атындағы көркемсурет галереясынан келген екен.
Әйтсе де, авторы белгісіз. Галерея меңгерушісі Кенжегүл Ахметованың айтуынша, портрет кенепке майлы бояумен салынған. Каринаның өлшемі – 60х73 см.
Портретке байыптап қарасаңыз, Абай жүзінде ақынға тән тартымдылық, ұшқыр да терең ой, сыншыл көзқарас бар. Ақын-сыншы мен тұлғаны құрайтын зердесі мен парасаттылық ерекшеліктері ашылып, портреттік ұқсастығы мен психологиясының тереңдігі тамаша беріліп, талғампаз бояулары Абай образын толықтай аша алған.
Картина колориті терең мағыналық түстерге толы. Шығарма фоны ақын заманының, оның қараңғылық және надандықпен ымырасыз күресін меңзейтін қарама-қарсы түстер мен жарық, көлеңке арқылы берілсе, айқын түстерге мол талғаммен киінген ақын келбеті қараңғылық бетінде жарқырай түседі.
«СБ» ақпарат
10 тамыз 2023 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31