» » Аймақ басшысы киелі мекендерге тәу етті

Аймақ басшысы киелі мекендерге тәу етті

qarmaqshy-tany.kz Апта басында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданға жұмыс сапарымен келіп, киелі орындардың жағдайымен танысты. Оларды жөндеу, жаңғырту және абаттандыру жұмыстарын саралады.

Алдымен аймақ басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің бойында орналасқан «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне барды. 2014 жылы кешеннің музей, қылует (тілеухана), амфитеатр, стелла, қошқар мүсіні қайта жаңғыртылған болатын. Қобыз бейнелі, төрт элементтен тұратын стелланың биіктігі 12,1 метр, ені 5,3 метр, Қордай гранит тасынан жасалған.
Облыс әкімі бұған дейін де нысанда қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген мердігер мекемеге жөндеуді қажет ететін, бұзылған тұстарды қалпына келтіруді тапсырған болатын. Аймақ басшысы кешенде әлі де қалпына келтіру қажет аумақтары бар екенін ескертті.
Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы ХІХ ғасырда салынған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Марал ишан кесенесіне барды. Үш жүзге пір болған Марал ишан (1780-1853) Қостанай өңірінде туған, Қармақшы топырағында өмірден өткен.
Марал ишан – дін ғұламасы, халыққа шын ықыласымен берілген әулие кісі болған. Тарихи мәліметке сүйенсек, 1841- 1845 жылдары азаттық үшін күрескен Кенесары ханға қолдау көрсеткендердің бірі. Ишан мешіт салып, бала оқытқан. Бүгінде кесене «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік қасиетті нысандар тізіміне, Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасына енгізілген. Кесене туралы ақпарат енгізілген QR-код тақтайша орнатылған. Алдағы уақытта Марал ишан кесенесіне апаратын жол салу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, арнайы мамандардың тексеруінен кейін кесененің бүгінгі қалпын сақтап қалу үшін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі Жаңақорған ауданына жұмыс сапары аясында Хорасан ата кесенесінің жай-күйімен танысқан еді. ХІV ғасырда салынған кесене киелі орындарының біріне айналған. Ел арасында мұнда келушілер кесене жанындағы құдықтан су ішіп, дертінен айығады деген сенім орныққан.
Аймақ басшысы осы аумақты демеушілер көмегімен абаттандырылатынын айтты. Барлық жөндеу, жаңғырту жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудандағы жұмыс сапары кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алынатын 50 тұрғын үйдің дайындығымен танысты.
Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде «Тұрғын үй саласындағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бағдарлама аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 50 тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан ауданға 480 млн теңге қаржы бөлінген. Осы қаржыға аудан орталығынан 50 тұрғын үй сатып алу жоспарланған.
Бүгінгі күні 12 үй пайдалануға беруге дайын. Әрбір пәтердің орташа аумағы 60 шаршы метрді құрайды.
Аймақ басшысы қалған үйлерді де уақытылы пайдалануға беріп, дайындық жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды тапсырды.
05 тамыз 2023 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031