» » Қолайсыз отбасылар бақылауда болады

Қолайсыз отбасылар бақылауда болады


Отбасы – шағын мемлекет. Себебі әр мемлекеттің өзіне тән сыртқы, ішкі саясаты, кірісі мен шығысы болатыны сияқты әр отбасының да дәл сондай болмыс-тіршілігі бар. Ол да өзінше басқаруды талап етеді. Сондықтан да қай уақытта болмасын отбасының құрылымына зор мән беріліп, оның іргетасының берік болуына атсалысу – әр отбасы мүшесінің міндеті. Отбасы адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі емеспе? Отбасының қоғамдағы рөліне толыққанды баға беруге болмайды, өйткені мұнда негізгі адамгершілік құндылықтар, басқа адамдарға деген көзқарас, дәлірек айтсақ, адамның қоғамдағы өмір сүрі қабілеттілігі мен дағдарысы қалыптасады. Ал, отбасындағы қолайсыздық – құқық бұзушылықтың негізгі себебі.
Атап айтқанда, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова және Ювеналды полция тобының учаскелік полиция инспекторымен «қолайсыз отбасы» есебіне алынған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайлары араланып, құқық бұзушылықққа бармау туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ата-аналарға олардың негізгі міндеттері түсіндіріліп, кейбір мәселелерге қатысты нақты кеңестер берілді.
Сонымен қатар отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген немесе куә болған азаматтар назарына облыс көлемінде орналасқан «Қақорлық», «Жан», «Аналар үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорлардың сенім телефондарын ұсынамыз: «Қамқорлық» дағдарыс орталығы 8 (7242) 30-25-40, 8-777-340-87-34, 8-777-456-11-06; «Жан» дағдарыс орталығы 1-16-16; «Аналар Үйі» қоғамдық қоры 14-22 және Қармақшы аудандық полиция бөлімі: 8 (72437) 2-11-89; «102» арнасы.

28 шілде 2023 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930