» » Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

Елімізде бизнесті қорғау саласы қарқын алып келеді. Қазір мүдделері қозғалған бизнес субъектілеріне аудит қорытындыларымен танысуға және шағымдану құқығын беру мәселесі заңнамалық тұрғыда реттелген. Бұған қоса кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың және фискалдық органның бақылау-кассалық машиналарды қолдану мәселелері бойынша тексеру жүргізудің, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылған екен. Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалып жүр? Бүгінгі күні де бұл проблема күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Аталған мәселе жөнінде аудан прокурорының міндетін атқарушы Әнуар Мұратов аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Еркін пікір алмасу барысында өткізілген жиында кәсіпкерлер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесуге қатысқан уәкілетті орган өкілдерімен бірге кәсіпкерлердің сұрақтары мен көтерген мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен олардың жобаларын сүйемелдеу, қаржылық емес көмек көрсету, міндетті жарналық төлемдер жасаған кәсіпкерлік субъектілері, коммуналдық қызметтің жағдайы және салық мәселелері туралы айтылды.
Жиын барысында Әнуар Мұратов кездесудің маңыздылығына тоқталып, кез келген уақытта азаматтарды қабылдауға және уәкілеттік шегінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Жиын соңында кәсіпкерлерге өз құқықтарын жүзеге асыруға қатысты заңнама нормаларына түсіндірулер жүргізілді.
А.Ердүйсенқызы
22 шілде 2023 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930