» » Кәсіпкерлік – өркендеудің кепілі

Кәсіпкерлік – өркендеудің кепілі

ӘЛЕМДЕ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУ, ҚОЛДАУ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН, ӨЗІНІҢ ТАРИХИ ЖОЛЫМЕН ЖҮРІП ӨТТІ. БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ІШКІ ЖҮЙЕСІНДЕ КЕШЕНДІ ТӘСІЛ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІ БАР. ОНДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДА, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ДЕ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІН САҚТАУ ЖҰМЫСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып құрылған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның әрбір аймағында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде еліміздегі облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жұмыс істейді, сонымен қатар аудандарда да филиалдар ашылған. Бизнесте белең алған заңсыздықтар мен түсініспеушіліктерді қарап, адал еңбек иесінің табысының артуы жолында «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі құрылып, жұмыс істеп келеді. Кеңес отырыстарында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік сатып алулар, көлік бақылау, мектепке дейінгі білім беру, мемлекеттік бағдарламалар секілді тармақталған салалардағы өзекті мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланады. ҚР Бас прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және жергілікті атқарушы органдармен қалыптасқан байланыс негізінде мәселенің жедел шешілуі жолға қойылған. Жалпы соңғы жылдары біздің елде кәсіп бастауға немесе шағын бизнес саласын өркендетуге мемлекет тарапынан қолдау көп. Қайтарымсыз қаржылар, жеңілдетілген несие, жарқын жобалар және басқа да іскерлікке демеу аз емес. Дегенмен кейбір мәселе бойынша кедергілер де кездесіп жатады. Мәселен, біздің ауданда жер мәселесі, субсидия, салықтан сүрінгендер де жоқ емес. Осындай түйткілдерді әрбір шаруа қолына қағаз алып, қиналғанда прокурор мен жауапты мекемелер есігін тоздырады. Осындай олқылықты болдырмас үшін жақында кент әкімшілігінде Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратураның бірлескен көшпелі отырысы өткізілді. Басты мақсат – кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіппен айналысу барысында кездесетін түрлі көлденең кедергілерді жою және олардың алдын алу. Кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың проблемаға бағытталған сұрақтарын мүмкіндігінше тез арада шешу. Отырысқа Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Д.Меделбайұлы, аудан прокуроры М.Жаңбырбайұлы, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Р.Әділбекұлы, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздықов, кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілер кеңесі төрағасы Б.Нұрқожаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Д.Әбдірасулов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев және басқа да мекеме басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында жеке кәсіпкерлер С.Ералиев, А.Қаржаубаев, Ж.Қойшыбаева аудан кәсіпкерлерінің көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселені қозғады. Кездесуге қатысқан уәкілетті орган өкілдерімен бірге кәсіпкерлердің сұрақтары мен көтерген мәселелері жан-жақты талқыланып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлер жобаларын сүйемелдеу және қаржылық емес көмек көрсету, міндетті жарналық төлемдер жасаған кәсіпкерлік субъектілері, коммуналдық қызметтің жағдайы және салық мәселелері сарапқа салынды. Отырыста облыс прокурорының орынбасары Д.Меделбайұлы кездесудің маңыздылығына тоқталып, еркін форматтағы мұндай отырыстарды жиі ұйымдастырып, кәсіпкер азаматтармен қабылдаулар өткізіп және уәкілеттік шегінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Жиын соңында «Қармақшы даму» кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Қаржаубаев кәсіпкерлер атынан облыс прокуратурасына және кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және басқа да мәселелер бойынша ауданда атқарылған жұмыстарға өз алғысын білдірді. Ескерерлігі, бизнес иелерінің алдынан шығатын түрлі кедергілер мен қиындықтар табысты азайтатыны анық. Осы ретте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғап келеді. Әлі де қорғай бермек. Себебі кәсіпкерлік – көкжиегіміздің көңеюі, экономикамыздың дамуы мен өркендеуінің кепілі.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
23 шілде 2022 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031