» » «Атамекен» ҰКП: 8 жылда 800-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

«Атамекен» ҰКП: 8 жылда 800-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

Биыл «Атамекен» ҰКП-ның құрылғанына 8 жыл. Кәсіпкерлер мен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған палата кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғап келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов палатаның 8 жылда атқарған жұмыстарын саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
8 жылда кәсіпкерлерден 6 мыңнан аса арыз келіп түсті, оның ішінде бизнесті қорғау бағытында 2232 арыз. Өтініштердің 42 пайызы оң шешімге қол жеткізсе, 64 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
«Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі сатып алулар, жер, сәулет, құрылыс салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекеті бойынша түседі. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Палата жанында тұрақты жұмысшы орган – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Кеңес отырыстарында 800-ден аса кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтіріліп, 21 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», – деді Ғалымбек Жақсылықұлы.



8 жылда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкерлікпен айналысқысы келген азаматтарға 60540 кеңес беріп, 13414 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсеткен. 2015-2020 жылдары «Бизнес мектеп» компоненті аясында Кәсіпкерлер палатасы бизнес-тренерлерімен 7083 азамат оқытылды. Мұнан өзге, 8 жылда Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 1833 бизнес-жоспар әзірлеген. Аталмыш бизнес-жоспарлардың 3 млрд 450 млн теңгенің 690 жобасы қаржыландырылған.
10 қыркүйек 2021 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728