» » Қызылордада Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінім қабылдау мерзімін ұзартты

Қызылордада Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінім қабылдау мерзімін ұзартты


Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасында шектеу шаралары (карантин) мерзімдерінің 2020 жылдың 20 шілдесінен 2 тамызына дейін 2 аптаға ұзартылуына байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге сайлау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Кандидатты тіркеу, құжат қабылдау 7-22 шілде аралығында өтеді, 25 шілдеден бастап 3 тамыз аралығында үгіт-насихат науқаны жүріп, 5-11 шілде аралығында онлайн дауыс беру өтеді.
Қазіргі таңда кандидаттардан 800-ге жуық өтінім қабылданды. Сайлауға қатысуға өтінімдердің басым бөлігі Батыс Қазақстан облысы (106 кандидат) және Шығыс Қазақстан облысы (92 өтінім) кәсіпкерлерінен түсті.
Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер қатарынан, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.
Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
•Қазақстан Республикасының азаматы болу;
•өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
•кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
•өңірде жария тұлға болу;
•кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
•бизнесінің тарихы оң болуы;
•әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
•облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
•сотталмаған – Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
Облыстық кеңеске сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 60%-ы облыс орталығынан кәсіпкерлік субъектілері және аккредиттелген қауымдастықтар (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымдар өкілдерінен, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.
Толық ақпарат www.vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан немесе өңірлік кеңселерден алуға болады.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
16 шілде 2020 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031