Тағайындау
«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры болып Мұнарбаев Орынбек Жұмағалиұлы тағайындалды.
Мұнарбаев Орынбек 1967 жылы 8 наурызда Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген
Жоғары білімді. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтына түсіп, 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының толық курсын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау, бухгалтер-экономист
мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе ауылында В.И.Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған.
1985 жылы осы ауылдан әскер қатарына шақырылып, Кеңес Армиясы қатарында 1987 жылдың мамыр айына дейін қызмет еткен.
1993 жылы Ақтөбе ұжымшарында еңбекақы төлеу жөніндегі аға экономист, Ақтөбе ауылы
1993-2002 жыл аралығында Ақтөбе өндірістік кооперативінде бас есепші, Ақтөбе ауылы
2004-2005 жылдар аралығында Қармақшы ауданы бойынша «Салықшы» мемлекеттік мекемесінің директоры, Жосалы кенті
2006-2007 жылдар аралығында Арнайы тексеру нәтижесі келгенше келісім-шарт негізінде Ақтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Ақтөбе ауылы
2007-2011 жылдар аралығында Ақтөбе ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе ауылы
2012-2015 жылдар аралығында Аудан әкімінің кеңесшісі, Жосалы кенті
2015 жыл Арнайы тексеру нәтижесі келгенше келісім-шарт негізінде Ақтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Ақтөбе ауылы
2015-2019 жылдар аралығында Ақтөбе ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе ауылы
30.04.2019 жылдан бастап, осы кезге дейін «Қармақшы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.
Отбасылы 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отыр.
Жаңа қызметке тағайындалған әріптесімізге сәттілік, абырой биігінен көрінуіне тілектеспіз!