» » Биыл 950 мыңдай адам жұмыспен қамтылады

Биыл 950 мыңдай адам жұмыспен қамтылады

Биыл елімізде 947 мың адам жұмысқа орналасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.
Өңір әкімдері Өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекіткен болатын.

Биыл жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлы көрсеткіш – 947 мың адам. Жергілікті жұмыспен қамту органдары «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындары аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Жұмыс берушіге адамдарды жұмысқа қабылдау тиімді болады. Өйткені, ол үшін жергілікті бюджеттен субсидия алады. Жыл басынан бері жұмыс күші тапшы өңірлерге басқа өңірлерден 1300-ден астам отбасы көшірілді. Бұл – жақсы көрсеткіш, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айтуынша, көшіп келушілердің жаңа жерде тұрақтап қалуға мүдделі болуы үшін олардың бейімделуіне көбірек көңіл бөлу қажет.

1 шілдеден бастап өңірлерде Еңбек ұтқырлығы орталықтары жұмыс істей бастады. Бүкіл республика бойынша жұмыс орындарының бірыңғай базасы құрылуда. Бұл азаматтардың тек қала немесе аудан шегінде ғана емес, сондай-ақ өз облысында немесе одан тысқары жерлердегі бос жұмыс орындарына жұмысқа тұруына мүмкіндік береді, - деді Әлихан Смайылов.

baq.kz
12 шілде 2023 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031