Конституция
» » Мерейлі отбасылар анықталды

Мерейлі отбасылар анықталды

Кеше аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын аудандық деңгейде дайындау және өткізу, жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан конкурсқа биыл аудан бойынша 35 отбасы қатысты.

Комиссия отырысы барысында конкурсқа қатысушы отбасылардың арнайы дайындаған бейнероликтерін көріп, конкурс талаптарына байланысты құжаттар сараланды.

Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К. Раева, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы С. Райымбаева, «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д. Буханов және басқа да комиссия мүшелері отбасылар жайлы ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық деңгейде өтетін кезеңіне аудан бойынша Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны, тыл ардагері, 13 бала, 25 немере 18 шөбере тәрбиелеп отырған «Көбеевтер» отбасы және Ақжар ауылындағы еңбек адамдары, 9 бала, 28 немере, 15 шөбере тәрбиелеп отырған «Аяғановтар» отбасын ұсыну жөнінде комиссия шешімі шығарылды.
06 шілде 2023 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031